— Заңды негіздер болған жағдайда, мемлекеттік қызметші пара алудан бас тартқан күннің өзінде де қылмыстық жауапкершілік болуы мүмкін. Заңсыз сыйақының мөлшері қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыруға кедергі бола алмайды», – деді елорда прокурорының көмекшісі Нұрдәулет Абуов Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Осы орайда ол нақты болған оқиға бойынша мысал келтірді. Астанада қаралған қылмыстық істердің бірінде бір азамат әкімшілік хаттама толтырылуының алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкеріне 10 000 теңге ұсынған. Полиция қызметкері ақшаны алудан бас тартты. Аталған адамның әрекеті пара беруге оқталу ретінде сараланды. Сот оған айыппұл салып, сонымен қатар белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға өмір бойына тыйым салды.
— Бұл мысал әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз жолдармен жалтаруға әрекет жасаудың әлдеқайда ауыр қылмыстық-құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін көрсетеді, — деп атап өтті прокурор.
Бұған дейін хабарланғандай, Астана қаласының прокуратурасы Қазақстан заңнамасына сәйкес қандай әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жататынын және олар үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді.