KZNews.kz
Қоғам

Пара алғаны үшін сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова тойда көзге түсті

Ayzhan Sylanova
Фото: azh.kz / ZTB NEWS

«Бәсе» таратқан бейнежазбада ол Атырауда өткен салтанатты шарада облыстың жоғары лауазымды тұлғаларының ортасында тұрғаны байқалады. Кадрларда облыс әкімі Шәкір Кейкин, полиция департаментінің бастығы Нұрхат Уразбаев, әкім орынбасары Марат Мұрзиев және мәслихат төрағасының орынбасары Мұса Хайрулиев те көрінеді.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату кезінде 4,5 миллион теңге пара алғаны үшін 7 жылға сотталған. Атырау облыстық сотының мәліметінше, үкімнің орындалуы оның асырауындағы екі баласына байланысты үш жылға кейінге қалдырылған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары