Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Палестина БҰҰ толыққұқықты мүшелігіне өтуді жоспарлайды

Палестина БҰҰ толыққұқықты мүшелігіне өтуді жоспарлайды

Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – Палестина БҰҰ толыққұқықты мүшесі болуды жоспарлайды. Бұл туралы республика президенті Махмұд Аббас мәлімдеді, деп хабарлайды Ansar.ru.

«Біз бүгінгі күннен бастап осы іске кірісеміз» дейді Махмұд Аббас журналистерге әлемдік ұйымға өту туралы сұрақтарға жауап беру барысында.

Палестина мемлекетін 2018 жылғы жағдай бойынша БҰҰ мүше 193 мемлекеттің 137-і мойындаған. Биыл Палестина «77 тобына» (G-77) – БҰҰ және оның органдары аясында әрекет ететін дамушы елдердің ірі мемлекетаралық ұйымына жетекшілік етеді. БҰҰ-да Палестинаның  G-77 президентті қызметіне түсуіне байланысты ресми шара өтеді.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар