Сарапшылар болжамы: Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өзінің жүкті екенін білмеген әйел аяқ асты босанды

Өзінің жүкті екенін білмеген әйел аяқ асты босанды
Фото: © pixabay.com

Германияның Гоэнпайзенберг қаласында 40 жастағы әйел төртінші баласын дүниеге әкелді. Алайда ол жүкті екенін білмеген. Босану супермаркет тұрақтарының бірінде басталып, сәби сол жерде дүниеге келген. Бұл туралы немістің tz.de басылымы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Михаэла есімді әйел жүктіліктің белгілерін байқамағанын айтты. Өзін жайсыз сезінген кезде ол мұны асқазанындағы мәселелермен, жұмыстағы күйзеліс пен шаршаумен байланыстырған.

Бұған дейін әйел дәрігерге қаралған. Алайда маман оның жағдайын күйзеліспен байланыстырған. Осыдан кейін Михаэла жүктімін деп ойламағандықтан, медициналық тексерулерге баруды тоқтатқан.

Әйелдің күнделікті өмірі де өте қарбалас болған. Ол көлік компаниясын басқарады. Сонымен қатар жұбайымен бірге шамамен 800 тауыққа қарайды. Қызметкерлер жетіспегендіктен, Михаэла кейде түнгі уақытта көлік жүргізіп, жұмыс бағытына өзі шығуға мәжбүр болған.

Бір күні оның жағдайы күрт нашарлап, көп ұзамай босануы басталған. Нәтижесінде төртінші қызы супермаркет тұрағында дүниеге келді.

Сәбиге Антония деген есім берілді. Ата-анасының айтуынша, қыз дені сау болып туған.

Михаэла мен оның жұбайының бұған дейін үш баласы болған. Төртінші сәбидің дүниеге келуі отбасы үшін күтпеген жағдайға айналды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер