Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өзін-өзі тану” пәнін енді Нұрәли Әлиев қолға алмақ

“Өзін-өзі тану” пәнін енді Нұрәли Әлиев қолға алмақ
коллаж Ulysmedia

Нұрәли Әлиев «Өзін-өзі тану» пәнінің мектеп бағдарламасынан алынуына қатысты пікір білдіріп, бұл бағытты халықаралық деңгейде дамытқысы келетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, аталған пән көптеген балаға өмірлік бағдар беріп, ішкі сенімін қалыптастыруға көмектескен.

«“Өзін-өзі тану” – өте жақсы пән. Ол балаға ішкі тірегін арттырып, өзіне және ертеңгі күніне сенімін нығайтады. Сондай-ақ адамның дүниені қалай түсінетінін қалыптастырады», – деді ол.

Нұрәлі Әлиев бүгінге дейін өзіне осы пәннен шабыт алып, өмір жолын тапқанын айтатын адамдар жиі кездесетінін атап өтті. Оның пікірінше, пәннің мектеп бағдарламасынан алынып тасталуына саяси шешімдер әсер етуі мүмкін.

«Қазір мен осы бағытқа тереңірек ден қойып жүрмін және бұл пәнді халықаралық деңгейде дамытқым келеді. Өйткені оған сұраныс бар», – деді Әлиев.

Сонымен қатар ол қазіргі білім сапасы мен мектептегі тамақтану мәселесіне де сын айтты.

Еске салсақ, 2022 жылы Білім министрлігі «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті сабақтар тізімінен алып, факультатив ретінде қалдырған болатын. Бұл шешімге пәннің мазмұны мен тиімділігіне қатысты қоғамдағы сын-пікірлер себеп болған. Сол кездегі білім министрі Асхат Аймағамбетов бұл өзгерістің саяси астары жоқ екенін мәлімдеген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.