Саясат

Өзбекстандық саясаткер отандастарын Ресейден кетуге үндеді

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Өзбекстандық саясаткер отандастарын Ресейден кетуге үндеді

"Миллий тикланиш" саяси партиясының көшбасшысы Әлішер Қадыров Хабаровскіде Өзбекстан азаматының қаза табуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz upl.uz сайтына сілтеме жасап.

Саясаткер Әлішер Қадыров өзбек азаматтарын Ресейден кетуге үндеді. Ол былай деді:

– Ахуал әр ай сайын нашарлайтынын түсінсеңіздер екен. Ресей арнайы қызметтері Орталық Азия елдерінен шыққан мигранттардың елдегі тәртіпсіздіктерге қатысуы мүмкін деп есептейді. Ақылмен ойланыңыздар, тезірек Ресейден кетіңіздер. Ешқандай табыс бала мен ата-ана көз жасының құнына жетпейді, – деп жазды саясаткер өзінің Telegram каналында.

Кеше әлеуметтік желілерде 2025 жылғы 12 желтоқсанда Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында Өзбекстан азаматын арнайы жасақ қызметкерлері соққыға жығып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейін Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Ресей СІМ-не нота жолдады. Сыртқы саясат ведомствосы тергеудің мұқият жүргізілуін және кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz