"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші матчында да жеңілді

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші матчында да жеңілді
Фото: Евгений Сорочин / Gazeta

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium аренасында өткен кездесуде Өзбекстан құрамасы Конго ұлттық командасына 1:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесуге германиялық төреші Феликс Цвайер қазылық етті. Матчтың 10-минутында Аббосбек Файзуллаевтың нәтижелі пасынан кейін Элдор Шомуродов есеп ашып, өзбекстандықтарды алға шығарды.

Арада жеті минут өткенде Конго шабуылшысы Натанаэль Мбкук гол соққанымен, VAR жүйесі эпизодты қайта қарап, ереже бұзушылығын анықтаған соң гол есепке алынбады.

Екінші таймда Конго құрамасы ойын тізгінін өз қолына алды. 68-минутта Йоан Висса пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Фистон Майеле өз командасын алға шығарса, қосымша уақытта Йоан Висса тағы бір мәрте мергендік танытып, матчтың қорытынды есебін 3:1-ге жеткізді.

Осы жеңістің арқасында Конго құрамасы төрт ұпай жинап, өз тобында үшінші орынға ие болып, әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.

Ал тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысқан Өзбекстан құрамасы топтық кезеңді ұпайсыз аяқтады. Фабио Каннаваро шәкірттері үш кездесуде екі гол соғып, өз қақпасына 11 доп жіберіп алды. Бұған дейін олар Колумбиядан 1:3, ал Португалиядан 0:5 есебімен жеңілген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.