Осыған байланысты 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстаннан Ресейге және кері бағытта әскери техника мен жеке құрам теміржол арқылы жеткізіледі.
Оқу-жаттығулар 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Еліміздің әскери қызметшілері мен техникасы жаттығуларға қатысып, кейін елге қайтарылады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл дәстүрлі оқу-жаттығу шарасы екен. Сондықтан, министрлік әскери техника мен жеке құрамның қозғалысына қатысты тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Тексерілмеген мәліметтерді тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.