Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Отырарда жойқын жарылыс болды: үш қабатты ғимараттың жартысы опырылып кеткен (ВИДЕО)

Отырарда жойқын жарылыс болды: үш қабатты ғимараттың жартысы опырылып кеткен (ВИДЕО)

Түркістан облысы Отырар ауданындағы үш қабатты көппәтерлі үйде газ жарылды, деп хабарлайды Kznews.kz

«QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, үйдегі бір пәтердің иесі пәтеріне жасырын жолмен газ тартып алған. Оның құбыры теріс салынғандықтан, газ тараған.

«Жарылыс кезінде бір адам жараланды. Бірнеше пәтерге зақым келген, газды жаптық. Оқиға орнында мамандар жүр», - деп хабарлаған компания.

«Отырар» телеарнасы таратқан мына кадрлардан үш қабатты, оншақты пәтері бар үйдің бір жағы опырылып кеткен.

 
Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.