Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өтінім бермей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер көбейеді

Өтінім бермей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер көбейеді
Ашық дереккөз

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл Жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтарға жедел көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады. Бұл ретте азамат өзіне қажетті нәтижені күрделі іздеу жүргізбей, өтінім толтырмай және өтініш беруші тарапынан қосымша әрекеттерді талап етпей алуы тиіс.

«Бүгінде азаматтар үшін цифрлық қызметтер санын көбейтіп қана қою жеткіліксіз. Олар қажетті нәтижені жылдам әрі еш кедергісіз алғысы келеді. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл бірден көрсетілетін форматқа көшіруге болатын қызметтердің тізбесін айқындауды тапсырамын. Бұл ретте көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау немесе соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру сияқты қызметтерді үлгі етіп алуға болады», - деді Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі