Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Отбасын сақтамаған Отанын қорғай алмайды” - Ішкі істер саласының екі қызметкері жұмыстан қуылған

“Отбасын сақтамаған Отанын қорғай алмайды” - Ішкі істер саласының екі қызметкері жұмыстан қуылған
Фото: Yandex

Әлеуметтік желі қолданушысы Аида Маратқызы күйеуінің опасыздығы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Ішкі істер саласында қызмет еткен күйеуі әріптесімен көңіл қосқан. Аида Маратқызы арыз жазғаннан кейін екі қызметкер де жұмыстан босатылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бұл жағдай туралы былай деді:

«Отбасына адал болмаған адам – Отанға да адал бола алмайды. Күйеуім жұмысындағы әйелмен көңілдес болып жүргенін білген сәт — менің өмірімдегі ең ауыр, бірақ ең айқын сәт болды… Мен үнсіз қалған жоқпын. Үстерінен арыз жаздым. Қызметтік тексеріс жасалып, жұмыстан қуылды екеуі де!»

Аида Маратқызы сондай-ақ ер адамның құндылығы оның адалдығы мен отбасына деген жауапкершілігімен өлшенетінін атап өтті:

«Отбасын сақтай алмаған – Отанды сақтай алмайды… Қызмет, форма, шен – адамның қадірін көтермейді. Адамның қадірін оның адалдығы, жауапкершілігі және отбасына деген құрметі көтереді… Біреудің көз жасымен келген “бақыт” баянсыз», – деді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.