KZNews.kz
Шоу-бизнес

Отандық жұлдыздар Астанада өлім құшқан сәбилердің жанұясына көмектесуге шақырды - новости Казахстана

Бауыржан

Күні кеше Астанаға қарасты Көктал-1 тұрғын алабында өрттен қайтыс болған бір үйдің 5 қызына отандық шоу-бизнес өкілдері көңіл айтты. Әншілер мен өнер иелері көпшілікті қайғыдан қан жұтқан ата-анаға көмек көрсетуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Иманбаева, Айжанова, Сұлтанқызы. Фото:nur.kz, el24.kz,otyrar.kz. Коллаж: NUR.KZ

Жанар Айжанова өзінің Instagram парақшасында жұртты ауызбіршілікке шақырып, марқұм қыздардың ата-анасының шотына ақша салуды ұсынды.

"Бақилық болған сәбилердің ата-анасын кінәлап жатқандар да жоқ емес. Төрт бірдей кредитін төлеу үшін, анасы да күн демей, түн демей жұмыс істеп жүр екен. "Аза тұтамыз" деп ауызбен айта салмай, азғантай болса да, мына есепшотқа ақша салайық.

Ниеттеріңіз Алладан қайтар! Балалардың орнын ақша да, басқа да толтырмайтыны анық. Біздікі "Ең болмаса қаралы әке-шеше бір үй алып, алтыншы баласы сол үйде дүниеге келсе ғой" деген арман. Жандары жаннатта болсын! Ата-анасына Алла жар болсын! Сабыр берсін", - деп жазды актриса.

Біздің ақшамыз жүрегіне ем бола қоймас, бірақ демеу болайық ағайын! 200, 500,1000 теңгеден болса да, Алла разылығы үшін көмек берейік! Әр адамның өз қалауы. Жағдайы жоқ болып көмек бере алмағанға ешкім ренжімейді. Тек қолдарыңыздан келіп жатса, әрине. Ата-анасына Алла сабыр берсін", - деп жазды.

"1. Жұмыссыздық мәселесі:Мен заңгер емеспін, алайда үш айлық баласы бар ананы түнгі сменге шақыруға бола ма?! Әйелі үйінде жоқ екен. Тым құрығанда отағасы неге жұмысқа барудан бас тартпады?! Себебі: Тауып отырған нанынан айырылады. Бас тартпап еді, бес баласынан айырылды.

2. Күн көріс ахуалының төмендігі: Жыртығын жамап, жоқтығын жеткізем деп, қанша тырысса да жетпейді. Себебі өмір сүру қымбат.

3. Халықтың жаппай орталықтарға көшуі: Егер бұл процесс белгілі бір деңгейде реттеліп, шектеліп отырмаса, қала амалы жоқтан бұзақы болғандар мен амалы жоқтан үсіп-өлгендерге, жеңіл жүріске салынғандарға, үкіметке өкпелілерге толады. Себебі басқа амал жоқ. Джунглидің жазылмаған заңындай: Не сен жейсің, не сені жейді.

4. "Газдан утечка кетпеді ме" деп, тексеріп тұратындар бар. Ал көмір жағатын, үйінде пеші бар тұрғындардың қауіпсіздігін құзырлы мекемелер тексере ме?!

Осылай бұқараның шынайы бейнесін жасырсақ, ауырмай-ақ өлеміз. Бұл қасіретті Алла ешкімнің басына бермесін! Қара жамылған әке мен шешеге және туысқандарына көңіл айтамын", - деп Instagram парақшасындағы жазбасын аяқтады Ләйлә Сұлтанқызы.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →