KZNEWS.KZ
Қоғам

Отандық әзілкеш Қарағанды облысы күрес федерациясына вице-президент болып тағайындалды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық деркккөзден

Белгілі қазақстандық әзілкеш әрі блогер Айдос Қожахметов Қарағанды облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы федерация Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Федерация мәліметінше, ол медиа мәселелері жөніндегі вице-президентіболып тағайындалған.

"Айдос Кожахметов - қазақстандық блогер, әзіл әрі өмірлік видеолардың авторы, стендап-әзілкеш, актер әрі әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Ол күнделікті өмірі, отбасы мен адамдар арасындағы қатыынастар мен қазақстандықтардың тұрмысы туралы қысқа роликтерімен танымал. Оның видеоларының көбі миллион қаралым жинайды. 

Одан бөлек Айдос музыкамен айналысады. Оның әндері көбіне отбасылық құндылықтарға, ата-анасы мен жақындарына арналған", - делінген хабарламада.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →