KZNews.kz
Lifestyle

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал-мәтелдер

KZNEWS

Ел мен жер егіз.

Ел іші алтын бесік.

***

Жері байдың елі бай.

***

Отан — қуат, Отбасы — шуақ.

Есің барда елің тап.

***

Көп ел — сарқылмас көл. Көп ісінде береке.

Егемен елдің еңсесі биік.

***

Көп қайда болса — құдай сонда.

***

Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей.

***

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

***

Көп түкірсе — көл болар.

***

Көп біріксе — ел болар,

Көп тілегі көл болар.

***

Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.

***

Көп жабылса жоқ табылады.

***

Көп ауызы дуалы.

***

Көп адаспас, көл таусылмас.

***

Көп тілесе алар,

Күн бұлттанса жауар.

***

Көппен көргеннің арманы жоқ.

***

Көп қорқытады, терең батырады.

***

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,

Көптің жоғы жоғалса табылады.

***

Көп дауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылады.

***

Көптен қоян қашып құтылмас.

***

Көп білсең де,

Көптен артық білмейсің.

***

Көппе тентек болсаң да,

Көпке тентек болма.

***

Көптен шыққан көмусіз қалады.

***

Адассаң, көппен адас.

***

Көпке топырақ шашпа.

***

Халық айтса, қалп айтпайды.

***

Халық сөзі қаһарлы.

* * *

Ерден аспақ болса да,

Елден аспақ жоқ.

***

Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

***

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға бері малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

***

Данышпай айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

***

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

***

Талайлымен таласпа.

***

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

***

Шықпаған егіннен жер бүлінеді,

Олақ бастықтан ел бүлінеді.

***

Көптен жақсылық құтылмайды,

Аздан азап арылмайды.

***

Көп толқыса ер құлайды,

Көл толқыса жар құлайды.

***

Елің — панаң,

Жерің — анаң.

***

Өз елің өзекке теппес.

***

Ауылым — алтын бесігім.

***

Көш басшысы жоқ ел оңбайды,

Құралай бастаған киік оңбайды.

***

Өзбек өз ағам.

***

Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас.

***

Жері байдың - ері бай.

***

Қазақтың осы жер дегені, көш жер.

***

Ақ бөкенді жатыр деме,

Көшпелі елді отыр деме.

***

Елдестірмек - елшіден.

Елде бір тентек жүрмей ме.

***

Елу жылда ел жаңа.

***

Жүз жылда қазан.

***

Қырықтың бірі қыдыр.

***

Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

***

Ер — жалғыз,

Ел — көп.

***

Өз елің — алтын бесік.

***

Елдің күші елу батпан.

***

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

***

Елде болса ерінге тиер,

Ауылда болса ауызға тиер.

***

Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып істе.

***

Ит тойған жеріне,

Ер туған еліне.

***

Өз еліңнің иті де қадірлі.

***

Туған жердің түтіні де тәтті.

***

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

***

Адалдық үшін арыдым деме.

***

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.

***

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

***

Кімнің жерін жерлесең,

Соның жырын жырларсың.

***

Туған жерің түсіңе кіреді.

***

Өз елім — өлең төсегім.

***

Сарала қаз көлін сағынар.

***

Жеріне қарай жемісі.

***

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

***

Ел қариясы - ел қазынасы.

***

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

***

Құлан кісінесе үйір жиналар.

***

Отан — оттан да ыстық.

***

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл

#отан туралы олен #Отан #туған жер #отан туралы такпак #Отан туралы #ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал-мәтелдер #отан туралы макал #отан туралы мақал мәтелдер #туған жер туралы тақпақтар #туған жер туралы мақал мәтелдер #туған жер туралы шығарма #мақал мәтелдер #ел жер туралы нақыл сөздер #ел жер туралы макал мателдер #ел жер гылым туралы мақал мателдер #ел жер туралы шығарма #Қазақша Мақал - Мәтел #отан туралы мақал #отан туралы өлеңдер #отан туралы шыгарма #отан туралы макал мателдер #отан туралы мукагали макатаев #туған жер туралы мақал мəтел #туған жер туралы мақалдар #туған жер туралы мақал #туған жер туралы əндер #ел жер туралы мақал мәтелдер #ел жер туралы макал #ел жер ғылым туралы мақал #ел жер туралы өлеңдер #ел жер туралы мақал мател #ел жер туралы әндер #мақал-мәтелдер сабақ жоспары #мақал-мәтелдердегі антоним #мақал-мәтелдер сайысы #мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері #мақал-мәтелдер жұмбақтар жаңылтпаштар #мақал-мәтелдердің тақырыптары #мақал-мәтелдердің ерекшеліктері #мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері #мақал-мәтелдер туралы өлеңдер #казакша макал мателдер #казакша макалдар #казакша макал #казакша макал мателдер махаббат туралы #казакша макал мателдер дос туралы #казакша макал мателдер кыз туралы #казакша макал мателдер ана туралы #казакша макал мателдер отан туралы #казакша макал мателдер каскыр туралы #казакша макал мателдер отбасы туралы #қазақша мақалдар #қазақша мақал мәтелдер #қазақша мақалалар жинағы #қазақша мақалдар білім туралы #қазақша мақал мәтелдер су туралы #қазақша мақал мәтелдер жануарлар туралы #қазақша мақал мәтелдер ақыл туралы #қазақша мақал мәтелдер ат туралы
KZNEWS
Автордың басқа материалдары