Бойға күш-қуат пен рух беретін патриоттық әндерімен өзгелерден ерекше болып жүретін "Алашұлы" тобы жақында елордалық тыңдарманын қуантпақшы. 23 желтоқсан күні Астанада концерт беруді жоспарлаған жігіттер кештің атауын "+ 35°C" деп атап, көпшілікті таңырқатты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Алашұлы" тобы. Фото: Instagram
Халық алдында есеп беру концертін өткізуді жоспарлаған топ жігіттері бұл жаңалықтарымен Instagram желісіндегі парақшаларында бөлісті.
"23 желтоқсан күні Астанада "+ 35 ℃" ыстық болады!
"ALASHULY" мұндай температураны тек түсінде ғана көріп жүрген елордалық тыңдарманға ерекше кеш сыйламақшы.
Сағат 19:00-ден бастап ЭКСПО алаңындағы Nomad Сity Hall залын жандыруға біз дайынбыз! Ал, сіздер ше?", - деп жазылған хабарламада.
Мұны көрген желі қолданушылары таңғалып қалғандарын жасырмады.
Айта кетерлігі, аталмыш топтың "Ауыл-бай" деп аталатын әніне түсірілген бейнебаяны желіде таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, "Алашұлының" әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.