KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Осы күнді 10 жыл күттім": Елдос Қадырханов ұлының бесік тойын жасап, көпшілікті толқытты

Дархан Тоқан
Коллаж: Sn.kz

Жуырда әке атанған әзілкеш, асаба әрі блогер Елдос Қадырханов ұлы Әлемнің бесік тойын өткізді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Желіде жарияланған жазбаға қарағанда, блогер жұбайы Таңшолпанмен бірге Тараз қаласында думанды басқосу ұйымдастырып, туған-туыс пен жақындарын, жанашырларын шақырған.

"Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет!", - деп жазды Елдос Қадырханов.

Еске салайық, ол 12 қараша күні Instagram парақшасында әке атанғанын хабарлап, сүйінші жаңалығын көпшілікпен бөліскен еді. Сондай-ақ ерлі-зайыпты Елдос пен Таңшолпанның тоғыз жыл бойы сәби сүйе алмай жүргені айтылып, биыл жазда танымал отбасы қуанышты жаңалығын жариялап, гендер-пати өткізгені де белгілі.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары