Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскемендегі зауытта болған жарылыс: тағы бір адам көз жұмды

Өскемендегі зауытта болған жарылыс: тағы бір адам көз жұмды
Фото: instagram.com/novosti__uka

Өскеменде «Казцинк» зауытында болған жарылыс кезінде жарақат алған тағы бір адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Қазцинк" компаниясы терең қайғыра отырып хабарлайды. 5 мамырда Өскемен металлургиялық алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған жұмысшылардың бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмды. Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. "Қазцинк" қаза болған қызметкердің отбасына және барлық қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетіп жатыр", - делінген компания таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта алаңдағы апат салдарын жою жұмыстары және мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасуда.

Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарында өндіріс қуаты уақытша төмендетілген режимде жұмыс істеп тұр.

Қосымша ақпарат жағдайға байланысты кейінірек беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Өскемендегі Қазцинк зауытында болған жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алғаны хабарланған еді

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі