Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде өндірісте қосымша жұмыс істеп жүрген жасөспірім қолынан айырылды

Өскеменде өндірісте қосымша жұмыс істеп жүрген жасөспірім қолынан айырылды
Фото: Depositphotos.сom

Өскеменде құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында бейресми жұмыс істеген жасөспірім ауыр өндірістік жарақат алып, қолынан айырылды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың алдын ала мәліметіне сәйкес, жасөспірім кәсіпорында ресми түрде жұмысқа қабылданбаған. Сонымен қатар онымен еңбек шарты жасалмаған және еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша міндетті нұсқама өткізілмеген.

Оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, өндірістегі жазатайым жағдайдың себептерін анықтау үшін тексеру басталды.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары мен еңбек инспекциясы оқиғаның нақты себептері мен оған жауапты тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.