Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

Полицейлерге көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдар жайлы 3 арызды да бір адам түсірген.

Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр.


«102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Айта кетейік, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көлік жүргізушілеріне заң бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

фото: rbk.ru

Автор
Айбар

Журналист