KZNEWS.KZ
Қоғам

Өскеменде автобуста ер адам кішкентай қыздарға тиіскен (ВИДЕО)

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Өскемендегі қоғамдық автобуста болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, белгісіз ер адам шамамен 10–12 жастағы қыздарға тиісіп, күмәнді әрекет жасаған. Қорыққан балалар аялдамасына жетпей автобустан түсіп кеткен. Оқиға барысында жолаушылардың бірі араласып, ер адамның әрекетін тоқтатқан.

Бұл жағдай қоғамда қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Көпшілік ата-аналар балалардың жалғыз жүруі қауіпті болып бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде.

Желі қолданушылары мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полиция мен жауапты органдар бақылауды күшейтуі тиіс екенін жазуда. Сондай-ақ тұрғындар қоғамдық көліктердегі бейнебақылау мен қауіпсіздік шараларының тиімділігіне күмән келтіріп отыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →