Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда ресми түрде қолданыла беретін болды

Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда ресми түрде қолданыла беретін болды
Фото: Ашық дереккөзі

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоры Жандос Шаймарданов жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілгенін, ал орыс тілі бұрынғыдай ресми қолданыста қалатынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жоба мәтінінде тіл мәселесі бөлек көрсетілген. Онда қазақ тілі – мемлекеттік тіл екені айқын жазылып, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми түрде қолданылатыны атап өтіледі.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының біртұтас халқының тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасауға қамқорлық көрсетеді", – делінген жоба мәтінінде.

Отырыста сөз алған Жандос Шаймарданов қоғамда мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты сұрақтар көтерілгенін, алайда жаңа Конституция жобасында бұл норма бірмәнді түрде бекітілгенін жеткізді.

“Азаматтардың бір бөлігі мемлекеттік тілдің мәртебесіне назар аударды. Алайда жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде анық әрі бірмәнді түрде бекітілгенін ерекше атап өткім келеді”, – деді Жандос Шаймарданов.

Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа жобаға енгізілген нормаларда мемлекеттік тілдің орны өзгермейтінін айтып, қазақ тіліне қатысты баптың нақты тұжырымдалғанын алға тартты.

"Жаңа Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол — қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ. Мемлекетіміз барда қазақ тілі ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, — деді Мемлекеттік кеңесші."

Айта кетейік, Конституциялық реформа аясында негізгі заңдағы бірқатар норманы жаңарту және нақтылау көзделіп отыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер