KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Өртеніп барамын: Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова басынан түскен қайғысын жариялады

Азамат Қойшығара
Фото: Ашық дереккөзі

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өмірден өткен сіңілісі Сәуле Базархан туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің айтуынша, жақынынан айырылу жанына қатты батқан.

– Саулешім, аз өмірді бағалау керек екенін меңзеп кеткендей болды маған. Қоршаған ортаңыздағы жақындарыңызды барында бағалаңыздар! Өте жақсы жан еді. Ешуақытта өсек айтпайтын, ешбір адамды жамандамайтын ең мықты қасиеті еді. Бәріміздің мекеніміз – ертелі-кеш кетеміз деп өзімізді жұбатқанмен, өкініш өртей береді екен. Бір жақсы адамыңнан айырылғаның ішіңді өртей береді, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сондай-ақ ол Сәуле Базарханмен бірге әлемнің түрлі елдерін аралаған сәттерін еске алып, бүгінде олардың естелікке айналғанын айтты.

– Қаншама рет Саулемен әлемнің түкпір-түкпіріне жүріп едік. Естелік болып қаларын кім ойлаған. Не деген толассыз хаттар, пабликтің қайсысын ашсаң да Саулешім, – деді продюсер.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →