ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат Әміржан Қосановты барлық талапқа сәйкес келеді деп тапты
"Ұлт тағдыры" қозғалысынан Қазақстан президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов ҚР Конституциялық заңындағы барлық талапқа сәйкес келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
2019 жылдың 29 сәуірінде лингвистикалық комиссия Әміржан Қосанов қазақ тілін еркін меңгергенін растады.
sputniknews.kz
"ОСК жергілікті сайлау комиссияларына Қосановқа Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдау үшін қол жинау парақтарын беруді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.