Медиасауат: қоғам блогерлер мен инфлюенсерлерге сенбейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Орталық Азия елдерінен Қытайға қарызы ең көп ел белгілі болды

Орталық Азия елдерінен Қытайға қарызы ең көп ел белгілі болды
Фото: ҚХР СІМ

Орталық Азия елдерінің Қытай алдындағы қарыз үлесі әркелкі. Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес, өңірде бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ең төмен деңгейде тұр, деп хабарлайды kznews.kz.

Атап айтқанда, Қырғызстанның сыртқы қарызының 30,5 пайызы Қытайға тиесілі. Одан кейін Тәжікстан — 16,1%, Түрікменстан — 13,4%, Өзбекстан — 7,5% көрсеткішпен келеді. Ал Қазақстанда бұл үлес небәрі 3,6 пайызды құрайды.

Сарапшылардың пікірінше, бір ғана кредиторға жоғары тәуелділік елдің қаржылық мүмкіндіктерін шектеп, экономикалық саясаттағы икемділікті төмендетеді.

Экономист Айбар Олжаев өзінің фейсбуктегі жеке аккаунтында жазғанындай, Қырғызстан мен Тәжікстанда Қытай негізінен инфрақұрылымдық кредитор ретінде әрекет етеді. Бұл елдер халықаралық қаржы нарықтарына толыққанды шыға алмағандықтан, негізгі қаржыландыруды Қытайдан алуға мәжбүр.

«Қытай бұл елдерге көбіне Exim Bank арқылы қарыз береді. Сол қаржыға жолдар, көпірлер, энергетика нысандары салынады. Бірақ жобаларды негізінен қытайлық компаниялар жүзеге асырады. Яғни, берілген қаражат қайтадан Қытай экономикасына оралады, ал елдер қарыз болып қалады», — дейді сарапшы.

Оның сөзінше, бұл модельде Қытай «қаржы береді – өзі салады – кейін сол қаржыны қайтарып алады» қағидатымен жұмыс істейді.

Қазақстанда жағдай өзгеше. Мұнда Қытай көбіне кредитор емес, инвестор ретінде қатысады. Яғни, жобаларға қаржы салған тарап табысқа қарай дивиденд алады, ал тәуекелді өзі көтереді.

«Қазақстан үшін Қытай соңғы инстанция емес. Біздің инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингіміз бар. Сондықтан біз халықаралық қаржы ұйымдарынан да, шетелдік нарықтан да еркін қарыз ала аламыз. Қытайдан несие тек тиімді болған жағдайда ғана тартылады», – деп атап өтті Айбар Олжаев.

Дәл осы фактор Қазақстанның қарыз құрылымын әртараптандыруға мүмкіндік беріп отыр. Соның нәтижесінде елдің Қытайға тәуелділігі аймақтағы ең төмен деңгейде қалыптасқан.

Жалпы, Қазақстанның сыртқы қарызындағы Қытай үлесінің аз болуы ел экономикасының тұрақтылығы мен қаржылық дербестігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде бағаланып отыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.