KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Орнымнан тұра алмадым": Отандық әнші өміріндегі қиындықтарын ашып айтты

KZNEWS

Отандық әнші Ayree NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, түсірілім алаңында басынан өткен қиындықтарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Суық күндері мұздай суға түскен сәттер де болды. Келесі күні орнымнан тұра алмай қалатынмын.
Бірақ "Мұңайтпа енді" бейнебаянын осындай қиындықпен бір күн ішінде түсіріп шықтық", - деп ағынан жарылды әнші.

Cондай-ақ, клипке жыланмен түскен Ayree өзінің неден қорқатынын айтып берді.

"Мен тыңдармандарымды, жақындарымды жоғалтып алудан қорқамын. Мұның бәрі адами тұрғыдағы факторлар. Ал тірі жәндіктерден қорқу менің бойымда жоқ", - деп өз сырымен бөлісті әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

KZNEWS
Автордың басқа материалдары