KZNews.kz
Жаңалықтар

"Орны толмас қаза": Жаңаөзенде қаза тапқан дәрігерге әріптестері сөз арнады (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Жаңаөзенде қаза тапқан 29 жастағы дәрігерге әріптестері жүрекжарды қоштасу жазбасын арнады, деп kznews.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханада қызмет атқарған. Әріптестері әлеуметтік желіде жариялаған жазбада жас маманның адами және кәсіби қасиеттері ерекше аталып өтті.

"Орны толмас қаза. Әріптесіміз Аманғалиев Нұрдәулет Құрманғазыұлының отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, білікті дәрігер, жаны жайсаң жолдас, қайсар азамат!" – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерге суық қарумен шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан көз жұмған болатын. Полицияның мәліметінше, қанды оқиға отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдан кейін орын алған.

Оқиғадан соң күдікті құқық қорғау органдарына өз еркімен беріліп, кінәсін мойындаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →