Ақшаның бір бөлігі орман мен ферма аумақтарында жерге көмілген, деп хабарлайды kznews.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Тінту Будапештте және елдің тағы үш өңірінде екі күнге созылды. Тергеушілер қоймалар мен тұрғын үйлерден де ақша тапқан. Барлығы 5,07 млрд венгр форинті, 2,66 млн еуро және 1,26 млн доллар тәркіленді.
Банкноттарды санауға қазынашылықтың 12 қызметкері мен бес ақша санау құрылғысы жұмылдырылған. Санақ сегіз сағатқа созылып, қаражат мемлекеттік қазынашылықтың шотына аударылды.
Сештак 2014–2018 жылдары Виктор Орбан үкіметінде ұлттық даму министрі болған. Тергеу оны 37 млн доллардан астам пара мен заңсыз сыйақы алды деп күдіктенеді. Іс мемлекеттік көлік компанияларына пайдаланылған автобустарды нарық бағасынан қымбатқа сатып алуға және құрылыс жобаларына қатысты. Экс-министр қыркүйектің соңында ұсталды. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
Сештакқа қатысты тергеу премьер-министр Петер Мадьярдың жемқорлыққа қарсы науқаны аясында жүріп жатыр. Оның партиясы сәуірдегі сайлауда жеңіске жетіп, Виктор Орбанның 16 жылдық билігі аяқталды.