KZNews.kz
Жаңалықтар

"Өрескел қылмыс": Тоқаев еліміздегі қалыңдық ұрлауға қатысты ескерту жасады

Қайсар Қанат
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қалыңдық ұрлау фактілеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Президенттің айтуынша, қалыңдық ұрлау – бұл адам ұрлау қылмысымен тең.

«Қалыңдық ұрлау – адамды ұрлау. Бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел әрі жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқандай жағдайда жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын қоғамның сана-сезімі өсіп, азаматтық жауапкершілік артып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент заңнамалық өзгерістер де осы ұстанымдарға сай болуы керектігін атап өтті.

«Заң мен тәртіп – баршаға ортақ. Әрбір азамат заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары