KZNews.kz
Саясат

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

Азамат Қойшығара
Orda.kz

Orda.kz басылымының бас редакторы, журналист Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам мәлімдеді.

Сот Гүлнар Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?

Бұған дейін Orda.kz редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған болатын. 1 желтоқсан күні полиция Orda.kz басылымының кеңсесі мен Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізді. Журналиске бірнеше рет әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша айып тағылған.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары