Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды

Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

 Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) сынға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Отандасымыз финалда үндістандық Сачин Сачинпен қолғап түйістірді. Оразбек алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:2.

Бұған дейін қазақстандық боксшы іріктеу кезеңінде филиппиндік Пол Джулифер Басконды жеңісе, ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото бас тартуына байланысты жарыстың келесі сатысына өтті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновты қапы қалдырып кетті.

Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

Енді ел құрамасынан 5-жұпта Төрехан Сабырхан (70 келі) иорданиялық Зейад Ишаиш, 6-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) өзбекстандық Жавохир Абдурахимов, 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.

Айта кетсек, 9 сәуірде еліміздің әйелдер құрамасы құрлықтық додада 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Беделді бәсекеде Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Азия чемпионы атанса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер болды. Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Еліміздің әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен екінші орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Үндістанның 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.