KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Оразада су бермеді”: Айгүл Иманбаева ұшақта ұрыс шығарды

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Алматы–Астана бағытындағы 953-рейсте бортсеріктермен түсініспеушілік болғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі екі немересі мен келінімен бірге ұшқан. Ауа райына байланысты рейс екі сағатқа кешіккен. Оның айтуынша, аузы берік болғандықтан ас ішпей, тек су сұраған, алайда бортсеріктер «бөтелкедегі су жоқ» деп жауап берген.

«Ауызашарға 20 минут қалғанда бортсерікті шақырдым, бірақ ол келмеді. Кейін бір стақан су сұрасам, “Ұшақ қонған соң өзіңіз келіп ішіп аласыз” деп жүріп кетті», – дейді актриса.

Айгүл Иманбаева мұндай жағдайға ренжігенін айтып, «Ораза уақытында бір стақан су сұрап та ала алмадым» деп жазды. Кейін ол оразасын жақындарының үйіне барып ашқан.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →