Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралмандарға квота 2019: үкіметтің қаулысы шықты

Оралмандарға квота 2019: үкіметтің қаулысы шықты
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

142 0 0

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Биыл оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша өңірлік квота бөлінгені белгілі болды. Үкіметтің тиісті қаулысы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Үкімет қаулысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Арман