KZNEWS.KZ
Қоғам

Оралдағы жанжал: әжетханада жақындасқан екі жігіттің әрекеті елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Орал қаласындағы қоғамдық орындардың бірінде болған жанжал қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үш ер адам әжетхана есігін бұзып кіріп, ішінде болған екі жігітті көрген. Көрініске ашуланғандардың бірі ашуын тежей алмай, күш қолданғаны айтылуда.

Оқиға куәгерлерінің әрекеті мен жағдайдың өзі әлеуметтік желілерде түрлі пікір туғызды. Бірі мұндай әрекеттерді айыптаса, енді бірі күш қолдануға жол беруге болмайтынын алға тартуда.

Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан нақты шешім жарияланған жоқ. Дегенмен, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіледі деп күтілуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →