KZNews.kz
Басты тақырып

«Оқыс болса, мемлекетке де, партияға да керегіміз шамалы»: Адал партиясындағылар апатқа ұшырады

KZNEWS
«Adal» партиясының мүшелері сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында апатқа ұшырады. Ақпаратты Дәулет Мұқаев растады. «Адалдықтар жол апатына ұшырағаны рас... Аллаға шүкір, бәрі аман-есен. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары еліміздің әр аймағында жүруде. Дәл осы апат Семей- Өскемен трассасында болды. Партия мүшесі, депутаттыққа үміткер Лаура Маликова отырған көлік күйі осындай😌. Біз жүрген жақ көк мұз. Бағана жолға шықпағанымыз да дұрыс болды. Денсаулық маңызды. Аяқ-асты оқыс болса, біз мемлекетке де, партияға да керек болатынымыз шамалы... Шыбынға да жан керек. Сол себепті, алдағы кездесулердің басым бөлігі онлайн форматқа ауысады. Әрі елде 25 желтоқсан - 5 қаңтар күшейтілген карантин!» — деп жазды ол желідегі парақшасында.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары