Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Оқу сағаты "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"
Автор: Шотка Ганибат
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
| Күні:Сынып: 1 Б | «Теміртау қаласы №3 ЖББОМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Шотка Ганибат | |
| Сабақтың тақырыбы | Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.1 Оқу түрлерін қолдану1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту | |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | |
| АКТ қолдану дағдылары | ||
| Тілдік құзыреттілік | ||
| Сабақ барысы | ||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыруминут | Ойға толып санамыз,Бестік болып бағамыз.Баласындай бір үйдіңТату болсын арамыз.Көңіл күй сыйлайық:1 топ: Бір-бірімізге күннің шуағын,2 топ: Аспанның ашықтығын3 топ: Судың тазалығын,Бәрі бірге: Сыйлаймыз!!!Ширату: Жұмбақ шешеміз.1.Торын құрып қояды, Шыбындарды жояды. (өрмекші)2.Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа) 3.Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. (Қарлыгаш)Олай болса бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа» әңгімесін оқимыз. | Шаттық шебері |
| Сабақтың ортасыминут | Кіріспе: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. 1.Мәтінді мәнерлеп оқу.*рөлге бөліп оқу.*Атаның сөзін тауып оқы, содан қорытынды жаса.*Сұрақтарға жауап беру. -Өрмекші неге өрмек тоқып жүр?- Құмырсқа не істеп жүр?- Қарлығаш неге шөп жиып жүр?-Мәтіннің мазмұнын айту. 1 топ: *Екі оқушы еңбекке қатысты мақал жазу. «Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады».* Екі оқушы «Өрмекші» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: Өрмек, көмір, екі, өр, ер, ішек, кем, өрік.*Екі оқушы өрмекшінің пайдасын жазу: өнерлі, мейірімді, өрмек-тұзағын құрып, шыбын, масаларды қорек қып, зиянкестерден тазартады.2 топ: *Екі оқушы еңбек туралы мақалды аяқтап жазу.Еңбектің наны тәтті,.......... ( жалқаудың жаны тәтті)* Екі оқушы «Құмырсқа» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: құмыра, қысқа, қар, қыс, қамыр, қасық.*Екі оқушы құмырсқаның пайдасын жазу: еңбекқор, әділдік, тазалық.өнерлі, тәртіпті, мейірімді. 3 топ: * Екі оқушы санды келтіріп мақал жазу.«Еңбек – адамның екінші анасы».Екі оқушы «Қарлығаш» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: қар, ағаш, ар, ал, аш, қарлыға, қарлы, қаш, қарға.*Екі оқушы қарлығаштың пайдасын жазу: үй салады, өнерлі, мейірімді, қайырымды, | оқулықпен жұмыс таратпалар |
| сурет салу :1 топ- өрмекші, 2 топ: құмырсқа, 3 топ: қарлығаш | ||
| Сабақтың соңыминут | Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады? - Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.- Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.- Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.- Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар? - Оқу.- Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар! РефлексияБүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім | Смайликтер |
| Қолдау көрсету.Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағыОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.