Сергей Компаниец Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
1986 жылы Ақмола облысында туған. Астана мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетті және Джордж Вашингтон университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бастап, әр жылдары жүйе технигі, директордың орынбасары және директоры қызметтерін атқарған. Кейін Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығында, Премьер-министр Кеңсесінде және түрлі ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2015–2020 жылдары Шымкент қаласы әкімдігі мен «Shymkent» ӘКК-де қызмет етті. 2020–2024 жылдары Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, «Turkistan» АЭА БК, «AMANAT» партиясы және «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.
2024 жылдан бері Президент Іс басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеп келген.