Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектеп басшыларын ротациялау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, қолданыстағы бұйрыққа сәйкес ротация тек бір елді мекен аясында жүзеге асырылады. Басшылық қызметте 7 жыл отырған адам міндетті түрде ротациялануы тиіс. Алайда кей ауылдарда бір-екі ғана мектеп болғандықтан, басшылар тек өзара орын алмастыра алады. Ал басқа елді мекенге ауыстыруға жергілікті бюджетте жолақы мен тұрғын үй шығындары қарастырылмаған.
Осы себепті кей өңірлерде мектеп директорлары 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Қаныбек Жұмашев министрлік ротация ережесіне өзгерістер әзірлеп жатқанын да атап өтті.
"Мектеп басшылары екі рет 5-5 жылдан, яғни, толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Одан кейін ротация жасай алмайды. Қызметін ауыстыру керек болады. Осындай өзгеріс енгізіледі", — деді Жұмашев Қаныбек.