Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі 2 есе өседі — Тоқаев

Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі 2 есе өседі — Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі 2 есе өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

— Мен Мемлекет басшысы ретінде ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отырмын. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың жалақысы 2 есе ұлғайды. Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі 2 есе өседі, — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, тек былтырдың өзінде елімізде 61 мәдениет нысаны салынды. 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Президент Жарлығымен үш бірдей мұражайға ұлттық мәртебе берілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

— Меніңше, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына және Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияға ұлттық мәртебе берілсе орынды болар еді. Сондай-ақ С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ драма театрына академиялық мәртебе беру керек деп есептеймін. Аталған өнер ұжымдары тұтас еліміздің рухани мұрасын байытуға өлшеусіз үлес қосып келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі