«Құтты қонақ» бағдарламасында қазақ киносы мен театрының көрнекті тұлғасы Асанәлі Әшімов ұлының таңдаған кәсібі мен өмірлік ұстанымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Актердің айтуынша, оның ұлы қазіргі таңда коммерция саласында білім алып жатыр. Бұл – баласының өз таңдауы.
Асанәлі аға ұлының өнерге бейім екенін білетінін айта отырып, оны өнер жолына жіберуді қаламағанын да жасырмады.
"Ұлым коммерция саласында білім алып жатыр. Өзінің таңдауы. Өнерге жақын, білемін. Бірақ, өнерге келгенін қаламадым. Қиындығы бар. Болғаннан кейін бірінші болу керек",- деді.