Шоу-бизнес

"Өмірімнің астан-кестеңін шығардың": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тағы да желіні шулатты

"Өмірімнің астан-кестеңін шығардың": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тағы да желіні шулатты

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан тағы да оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке парақшасында ашулы әйелдің образында видео жариялады. 

“Өмірімнің астан-кестенін шығардың. Бар, кет, жоғал. Қайда барсаң, онда кет", – деді ол.

Одан кейін күйеуіне алғыс ретінде жазба арнап, онымен өткізген әр сәтте бақытты болғанын жеткізді. 

“Не болса да, жақсы сәттер көп болды. Көп рахмет саған. Бәрі шынайы болды. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім:
Адал махаббат — сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Уәде емес, әрекет. Сезім емес, тұрақтылық", – деп жазды продюсер.  

Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас әншімен дуэт орындаймын деп сынға қалған еді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz