Оның айтуынша, тергеу 2025 жылдың желтоқсанында аяқталған
Күні кеше хабарлағынымыздай, Алматыда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ер адам досының 13 жастағы қызын зорлаған. Бұл іс адвокат Ләззат Рақышеваның жазбасынан кейін резонанс алып, құқық қорғау органдары БАҚ өкілдеріне ақпарат бере бастаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл ақпаратты растап, тергеудің аяқталғанын мәлім етті.
«2025 жылдың желтоқсанында тергеу істі сотқа жіберді. Тергеудің қозғаған бабы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Істі қараған судья бабын өзгерткен, сондықтан, біз прокуратураға хат жолдадық. Мен Ішкі істер министрлігі және адвокат Ләззат Рақышевамен байланыстамын», - деп жазған ол.
Зәкиеваның сөзіне сенсек, қыз бала қазір балаларды қорғау орталығында өмір сүріп жатыр. Оның анасын шақырып, кездесу ұйымдастырдық.
Айта кетейік, қыздың ата-анасы ажырасқан. Анасы дәрігерлердің Жаңа жылдық кешінен кейін алкогольді масаң күйде рульге отырғаны үшін жазасын өтеп жатыр.