«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Омарбай Малқаров | өмірбаяны

Омарбай Малқаров |  өмірбаяны

Омарбай Малқаров (1908–1993) 3 желтоқсанда Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. 

1936 жылы ҚазПИ-дің жанындағы рабфакты бітірген. Содан кейін Алматыдағы мемлекеттік екі жылдық мұғалімдер институтында оқыған. 

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Алматыдағы филиалында жұмыс істеген. 

1937 жылдан өлең жаза бастаған. 1938 жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысы ақынжазушыларының жұмысын басқару үшін тұрақты өкіл етіп жіберген. Ол бұл жұмыста 15 жыл бойы, сондай-ақ облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде он жылдан аса қызмет атқарған. 

Шығармалары: Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1954; Оңтүстік жырлары. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1966; Мен ат үстіндемін. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Оңтүстік аспаны. Өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1978; Қайнар. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1980; Өмір өткелдері. А., 1986.

Автор
Санжар