«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Олжас пен Дариғаның бөпесі қырқынан шықты»: Сұлтанқызы актерлердің құпиясын ашты

«Олжас пен Дариғаның бөпесі қырқынан шықты»: Сұлтанқызы актерлердің құпиясын ашты
Фото: видеодан алынды

Актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірнеше жыл бойы сәби сүюді армандаған оралдық жұпқа ата-ана атануға көмектесті. Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, актерлер өзі құрған «Mariyam» қайырымдылық қорының демеушілері. Олар қор арқылы перзент сүюді армандаған отбасыға қолдау көрсеткен.

«Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері. Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр», - деп жазды тележүргізуші.

Оның сөзінше, отбасы бірнеше сәтсіз экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) әрекетінен кейін қордың көмегімен арманына жеткен.

Ләйлә Сұлтанқызы біреуге көрсетілген қолдау тұтас отбасының өмірін өзгертіп, көптен күткен арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Айта кетейік, жұлдызды жұп кеше ғана шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі