Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Өлтіріп алған”: Алматылық әйел 7 айлық қызын омыраудан шығарам деп күтушіге қалдырған

«Өлтіріп алған”: Алматылық әйел 7 айлық қызын омыраудан шығарам деп күтушіге қалдырған
Фото: madeniportal.kz

Алматылық Гүлайым Серікбол жеті айлық қызын омыраудан шығару мақсатында үш күнге бала күтушіге қалдырған. Алайда бірнеше сағаттан кейін сәбиінің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алты баланың анасы болған келіншек оқиға болған жерге жеткенде қызының жансыз жатқанын көргенін айтады. Сараптама қорытындысында нәрестенің өлімі асфиксиядан болғаны көрсетілген.

Оқиғадан кейін бала күтуші күдікті ретінде қамауға алынып, қазір іс сотта қаралып жатыр. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, сәби өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеуде.

Ал оның қорғаушысы баланың денсаулығына қатысты мәселелерді алға тартып, анасының да жауапкершілігін сөз етті. Алайда марқұм сәбидің анасы қызының өліміне күтушінің қатысы бар деп есептейді.

Заңгерлер мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бала күтушіні жұмысқа аларда оның соттылығы, денсаулық жағдайы және жұмыс тәжірибесі туралы құжаттарды мұқият тексеру қажет екенін ескертеді.

Жеті айдан бері тергеліп жатқан бұл іске нүктені сот қоймақ. Егер күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе, оған заң аясында қатаң жаза тағайындалуы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.