KZNews.kz
Білім

Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері

KZNEWS

Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері

Автор: Орынбаева Назира Талғатқызы

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-12

Материал туралы қысқаша түсінік

Ашық сабақ жоспары

Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштеріСабақтың мақсаты: Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері жайлы мәлімет беру. Туған өлкедегі ескерткіштердің пайда болу себебін, тарихи маңызы жайлы түсіндіру.Тілдік мақсат: Мәтіндерді оқиды, ескерткіштер жайлы пікір алмасады, ойларымен бөліседі.Негізгі терминдер: Ескерткіш, кесене, күмбез, сәулет өнері, монумент.Құндылықтарды дарыту: «Қазақстанның киелі жерлері» жайлы ұғымын кеңейту. Туған өлкені құрметтеуге, отан сүйгіштікке баулу.Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған іс-әрекетРесурстар
Сабақтың басыСәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. «1-2-3» әдісі бойынша топқа бөлінеді:1 топ: «Ескерткіш»2 топ: «Кесене»3 топ: «Монумент» «Білім конверті» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. «Смайликтер» арқылы бағалау Интерактивті тақтаСмайлик
Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

Жаңа тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасау» жобасында облыстан 8 тарихи мәдени ескерткіш, жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындар картасына 27 нысан енгізілген жайлы ақпарат беріледі. Оқушылар бейнебаян мәліметі бойынша cабақ мақсаты мен тақырыбын анықтайды.Жаңа сабаққа байланысты терминдер: Жаңа тақырыпқа байланысты ауызша түсіндіріледі.1- тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы берілген сөйлемдерді толықтырып жазады.
  • «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына облыстың 8 киелі орны анықталып, ұсынылған. Олардың қатарында .............................. бар.
  • ЖАУАБЫ: Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Ақыртас бекінісі, «Ежелгі Тараз қалашығы», Тектұрмас кешені, Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Бабажы Хатун мазары және «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі.
  • Жамбыл облысында 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Олардың 5-еуі - ................ , 25 - ............... , 711 - ............... , тізімге алынып отыр.
  • ЖАУАБЫ: халықаралық, республикалық, жергілікті.
  • ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұра» тізбесіне Жамбыл облысы аумағындағы ...............................................................енгізілген. ЖАУАБЫ: Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас сарай кешені.
  • «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. 2- тапсырма.Оқулықпен жұмыс.Тақырып бойынша мәтінді оқиды. «Жұмыс үстелі» әдісі арқылы топтар жаңа сабақ бойынша басқа топтарға сұрақтар береді. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.3- тапсырма. СәйкестендіруЖАУАБЫ: 1)б, 2)а, 3) в, 4)ә.«Гүлдер» арқылы бағалау.

    «Көзқарас» әдісі

    Кері байланыс.«Бес саусақ» әдісіҮйге тапсырма. Өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері туралы қосымша мәлімет жинау.

    Бейнебаян

    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

    KZNEWS
    Автордың басқа материалдары