KZNews.kz
Басты тақырып

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

KZNEWS
Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.
Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды. Салтанатты рәсім кезінде ән шырқалып, шашу шашылды.
Олимпиада жүлдегерімен бірге оның жеке бапкері Долкунжан Камеков те ұшып келді. Ол өз шәкіртінен жаңа жеңістерді күтетінін атап өтті.
- Назым еңбекқор спортшы. Еңбекқорлығының арқасында Қазақстан чемпионатын ұтып, лицензия алып, Олимпиадаға қатысты. Төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана ұтылып қалды. Ендігі жоспарымыз демалып, күш жинау. Меніңше, Назым әлі спортқа нүктесін қойған жоқ. Әлі келесі Олимпиадаға қатысып, алтын алады деп ойлаймын, - деді бапкер.

Фото: Еламан Турысбеков/Kazinform
Еске салайық, 7 тамыз күні Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары