Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы алғашқы бәсеке өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы - Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Әмірғали 45-ші, Наиль 49-орын алды.
Бұл дисциплинада спортшылар алғашқы 10 шақырымды классикалық стильде жүріп өтті. Ал қалған бөлікті пит-стопта шаңғы ауыстырып, еркін мәнерде бағындырады.
Бүгінгі жүлдегерлер тізімі, скиатлон:
1. Йоханнес Клебо (Норвегия)
2. Матис Делож (Франция)
3. Мартин Нюнгет (Норвегия)
Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.