Қоғам

"Өлгім келеді": Ақтөбелік дәрігерлер босанған ананың жатыры мен қуығын бірге тігіп жіберген

"Өлгім келеді": Ақтөбелік дәрігерлер босанған ананың жатыры мен қуығын бірге тігіп жіберген

Айтуынша, мекенжайы бойынша тіркелген емхана оны облыстық перинаталды орталыққа жолдаған. «Мен теміржол маңындағы ауруханаға барғым келді. Өйткені ол жерде кәсіби дәрігерлер барын білетінмін. Бірақ хаттамаға сәйкес, ол мекеме мені қабылдамады. Сол себепті перинаталды орталыққа бардым. Сол жерде маған кесір тілігі жасалатынын айтты. Бұған дейін екі рет табиғи жолмен босанғам. Ал бұл жолы операция кезінде қуығым зақымдалып, мүгедек болып қалдым», – дейді ол.

Альбинаның сөзінше, ота дұрыс жасалмағандықтан, қуық пен жатыр арасында жыланкөз пайда болған. «Қазір арнайы пакеттің көмегімен жүруге мәжбүрмін. Жатыр мен қуық бірігіп кеткен. Босанғаннан кейін етеккір келген кезде қан қуық арқылы шығады. Бұл ауырсынуды сипаттап жеткізу мүмкін емес. Кейде өлгім келеді. Бұрынғыдай ауырсынуды басатын дәрілерді де іше алмаймын, өйткені оларға аллергия пайда болды», – дейді келіншек.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында мұндай күрделі жағдайды тек Оңтүстік Корея дәрігерлері ғана қалпына келтіре алатынын, бірақ оған қомақты қаражат қажет екенін жазған. Сол себепті қазақстандықтардан көмек сұрауда.

Ал кесір тілігін дұрыс жасамаған дәрігерлерді сотқа беруге оның қазір ниеті жоқ. «Көпшілік дәрігерлерді жазалауды айтады. Бірақ соттасып, оларды кінәлі қылсам да, денсаулығым қайтып келе ме?» – дейді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz