KZNews.kz
Білім

Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың) » ZHARAR

KZNEWS


Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com
KZNEWS
Автордың басқа материалдары