"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: sputniknews.ru

"Ресей президенті Владимир Путин қыркүйекте Мемлекеттік дума сайлауынан кейін елде мобилизацияның жаңа толқыны басталады деген ақпаратты жоққа шығарды" деп жазады бұл туралы The Moscow Times басылымы.

Журналистермен кездесуде Путин мұндай хабарларды "Ресейге жасалып жатқан ақпараттық шабуыл" деп бағалап, " олардікі сандырақ" деп атаған.

Сонымен қатар Ресей президенті Украина шабуылдарынан зақымданған мұнай өңдеу зауыттарының 90 пайызы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ресейдің мұнай өңдеу инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылдары жиілеген кезеңде айтылды.

Путин Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресейдің авиациялық инфрақұрылымына ықтимал соққылар туралы мәлімдемесіне де жауап берді. Оның айтуынша, егер Ресей әуежайларына шабуыл жасалса, Мәскеу "жауап беруге мүмкіндік табады" екен.

Ресей басшысы мұндай шабуылдар болған жағдайда Украинамен келіссөздерді жалғастыру мәселесі де қиындайтынын аңғартты. "Террористермен келіссөз жүргізбейді" деген Путин Киевтің келіссөздерді қайта бастау туралы өтініштері мен Ресей аумағына ықтимал соққыларды салыстырып, келіссөз болмайтынын меңзегендей болды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.